Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № 266 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен күші жойылды
Өзгерістер енгізуге туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 955 бұйрығын қараңыз
«Ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 178 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) Мемлекеттік тіл, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық департаменті туралы ережені және облыстардың, Астана, Алматы қалалары және көліктегі ішкі істер департаменттерінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлінісі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 қарашадағы № 469 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
барлық мәтін бойынша «, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық департаменті туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша «, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын.
1-тармақта «халықаралық ынтымақтастығы» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта «халықаралық шарттарды,» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақ алынып тасталсын.
12-тармақта «орынбасарлары» деген сөз «орынбасары» деген сөзбен ауыстырылсын.
15-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген облыстардың, Астана, Алматы қалалары және көліктегі ішкі істер департаменттерінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлінісі туралы үлгі ережеде: