Облыстық мәслихаттың XXV сессиясының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 372-IV «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 445-IV шешімі
Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 157-V шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2011-2013 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау туралы ұсынысын қарап, облыстық мәслихат ХХXІІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 372-IV «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2582 рет санымен тіркелген 2011 жылғы 20 қаңтарда «Атырау» газетінде № 7 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
«110 971 268» деген сандар «111 562 622» деген сандармен ауыстырылсын;
«52 872 576» деген сандар «51 446 259» деген сандармен ауыстырылсын;
«109 105» деген сандар «1 655 092» деген сандармен ауыстырылсын;
«2 326» деген сандар «3 216» деген сандармен ауыстырылсын;
«57 987 261» деген сандар «58 458 055» деген сандармен ауыстырылсын;
«107 631 761» деген сандар «108 015 003» деген сандармен ауыстырылсын;
«4 579 803» деген сандар «4 782 513» деген сандармен ауыстырылсын;
«4 584 803» деген сандар «5 001 513» деген сандармен ауыстырылсын;
2) 13-тармақта:
«661 501» деген сандар «1 257 905» деген сандармен ауыстырылсын;
«32 886» деген сандар «51 486» деген сандармен ауыстырылсын;
«832 305» деген сандар «753 223» деген сандармен ауыстырылсын;
3) 19-тармақта:
«394 196» деген сандар «351 096» деген сандармен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
жылу желілерін күрделі жөндеуге - 43 100 мың теңге;
қысқа мерзімге дайындық үшін - 34 000 мың теңге;
елді мекендерді сумен қамту үшін - 8 117 мың теңге;
азаматтардың жекелеген топтарын тұрғын үймен камтамасыз ету үшін - 4 000 мың теңге;
білім беру мекемелерін ағымдағы ұстауға - 137 125 мың теңге;
білім беру нысандарын күрделі жөндеуге - 9 300 мың теңге;