«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мннистрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 571 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 09-1/633 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-3/658 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінен келіп түсетін тапсырмаларына жедел ден қою мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 571 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің регламентінде:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер:
1) жобаны Премьер-Министр Кеңсесіне енгізумен бір уақытта Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне Үкімет отырысына арналған материалдарды ұсынулары;
2) жобаның Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінен өту кезеңдерін қадағалауы және жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығару туралы Құқықтық қамтамасыз ету департаментін уақытылы хабардар етулері тиіс;
Үкімет отырысына арналған материалдар қаулы жобасына қысқаша баяндаманы, жоба оларды орындауы үшін әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелерін, түсіндірме жазбаны, салыстырма кестені (қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына), сондай-ақ жобаға өзге де қажетті құжаттарды қамтуы тиіс.
Қысқаша баяндама Министрдің Үкімет отырысында сөз сөйлеуі үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және мынадай мәліметтерден тұрады:
жоба қандай құжатты орындау үшін әзірленді;
мемлекеттік органдармен келісу нәтижелері;
жоба Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілген хаттың нөмірі және күні, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесіндегі жобаның кіріс нөмірі;