«2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33-206қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 33-1242қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 06-178 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33-206қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 сәуірде № 673 болып тіркелген; 2011 жылғы 12 мамырдағы № 52 «Астана ақшамы» газетінде және 2011 жылғы 12 мамырдағы № 55-56 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
қалалық шақыру комиссиясының құрамына:
Ибрагимов Бақытбай Тұрсынұлы | - «Астана қаласының Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, төраға орынбасары; |
Әубәкіров Әнуәр Русланұлы | - «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің дәрігері, медициналық дәрігерлік комиссияның төрағасы |
енгізілсін;
көрсетілген комиссия құрамынан Т.У. Ермеков, В.Г. Семенова шығарылсын.
жоғарыда көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
Алматы ауданы шақыру комиссиясының құрамына: