«2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/14 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағы 4) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, «2011 жылға арналған азаматтардың денсаулық қорғау мәселесі жөніндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекетін іске асыруға қаражат бөлу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1456, «2011-2013 жылдарға аралған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1523 қаулыларына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырымы отызыншы сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне (2011 жылғы 18 қантардағы № 1769 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 78 447 824,1 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 168 913 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 613 571 мың теңге;
трансферттер түсімі - 68 665 340,1 мың теңге;