Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабының 6) тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Ғылыми-техникалық кеңесінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-5 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік-техникалық құжаттар бекітілсін және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін:
1) Мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауға арналған тест сұрақтарының жинағы (алғаш рет);
2) Сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестаттауға арналған тест сұрақтарының жинағы (алғаш рет);
3) Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті нормативтік-техникалық және атқару құжаттамаларының жинағы (алғаш рет).
2. Мынадай нормативтік-техникалық құжаттар бекітілсін және 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілсін:
1) «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру» ҚР ҚН 1.03-00-2011 (ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002* орнына);
2) «Электрмен дәнекерлеу және газ жалынымен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік техникасы қағидалары» ҚР ҚН 1.03-12-2011 (алғаш рет);
3) «Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеген және бұзған кезде қауіпсіздік техникасы қағидалары» ҚР ҚН 1.03-13-2011 (алғаш рет);
4) «Қала құрылыс жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық» ҚР ҚН 3.01-02-2011 (ҚР ҚНжЕ 3.01-07-2008 орнына);
5) «Кабельдік желілерді құрылымдау. Жобалау нормалары» ҚР ҚН 3.02-17-2011 (алғаш рет);
6) «Кабельдік желілерді құрылымдау. Монтаж» ҚР ҚН 3.02-18-2011 (алғаш рет);