Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының 2011 жылғы
29 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестаттауға арналған тест
сұрақтарының жинағы
Утратили силу в соответствии с приказом Председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 391-НҚ
Техникалық қадағалау сұрақтары
1. Құрылыста мердігерлік жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде кім бола алады?
2. Тапсырыс беруші қызметінің мәні
3. Бюджеттік инвестициялық жобалар (мемлекеттік тапсырыс берушілер) бойынша
4. құрылыста мердігерлік жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде кім бола алады?
5. Инвестициялық жобаны іске асыруда тапсырыс берушіні қаржыландыру
6. Нысан құрылысына жер телімін алдын-ала таңдауды кім жүргізеді?
7. Жобалық-сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстарды орындау қажеттілігі анықталған кездегі іс-әрекеттер реті.
8. Құрылыс барысындағы техникалық қадағалауды жүргізу мақсаттары:
9. Тапсырыс берушінің техникалық қадағалауды ұйымдастыру тәртібі
10. Мердігердің техникалық қадағалаудың өкілін алдағы жұмыстарды куәландыру немесе
11. қабылдау туралы хабардар ету тәртібі.
12. Жасырын жұмыстарды қайта куәландыру қай жағдайда жасалады?
13. Дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеудің негізі болып не табылады?
14. Құрылыс үрдісінде мердігердің (жұмысты атқарушы) атқаратын қызметіне жатпайды:
15. Құрылыс үрдісінде не орындалу керек?
16. Құрылыс аяқталған кезде құрылыс салушы (тапсырыс беруші) қандай аяқталған нысандарды өз бетінше қабылдауға құқығы бар?
17. Ғимаратты қайта құру немесе үзілістен кейінгі жұмысты жалғастыруға рұқсат беру кезінде мелекеттік сәулеттік-құрылыстық инспекция органы құрылыстың техникалық жағдайы туралы құжаттарды қосымша қай кезде талап етуге құқылы?