Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 66-ө-м бұйрығымен бекітілген
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 195 бұйрығымен күші жойылды
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
(2-шығарылым)
1. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (2-шығарылым) «Құю жұмыстары», «Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу», «Металмен қаптау және бояу», «Эмальдеу», «Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары» бөлімдерінен тұрады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы «Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» деген бөлімдерден тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.
«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді.
«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.