«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 549 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында қатынастарды реттеуді жақсарту» деген 4-стратегиялық бағытта:
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың сапалық деңгейін көтеру» деген 4.1-мақсатта:
мынадай мазмұндағы 4.1.5-міндетпен толықтырылсын:
«
4.1.5-міндет. Қарашығанақ жобасы бойынша қатынастарды реттеу |
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері | Ақпарат көзі | Өлш. бірл. | 2009 жылдың нақтысы | 2010 жылдың нақтысы | Жоспарлы кезең, жыл |
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу (ӨБТК) туралы түпкілікті келісімдегі қатысу үлесін мемлекеттің сатып алуы | Қатысу үлесін беру және қабылдау шарттары | % | | | | 10 | | | |
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар | Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі, жыл |
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қатысу үлесін беру және қабылдау шартына қол қою | | х | | | |
»;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде: