«Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 635 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамдарына мыналар енгізілсін:
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
Жаханов Бақыт Дүйсенұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары; |
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Әбілда Талғат Амангелдіұлы | - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары; |
Кошелев Владимир Леонидович | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; |