«Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 ақпандағы № 31-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 16 қарашада № 176 (1379) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш беруші магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті және мыналар:
1) жер учаскесіне меншік құқығын белгілеуші және сәйкестендіру құжатының;
2) жүктің тегі мен көлемін көрсете отырып, жоспарланып отырған жылдық жүк айналымы туралы мәліметтердің;
3) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кірме жолды салу (реконструкциялау) кезінде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша келісімінің;
4) кірме жолдың жалғасу жерін таңдау актісінің;