«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/6-V шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешімімен күші жойылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамыздағы № 101 «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 14 тамыздағы № 100 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):