Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-7/5 шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 3, 4 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-160 тіркелген, 2012 жылғы 5 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2012 жылғы 5 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 17 500 859 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 214 923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 65 279,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 423 926,9 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 8 796 729,7 мың теңге.
2) шығындар - 19 216 923,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру- 10 118 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 164 794 мың теңге
бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялары бойынша сальдо - 149 743 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерін сатып алу - 149 743 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық - - 1 875 925,9 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылығын қаржыландыру - 1 875 925,9 мың теңге»;
15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: