«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 325 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығымен күші жойылды
Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісімшарттар жасасу кезінде инвестициялық преференцияларды беру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестицияны мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 7760 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды алуға өтінім нысанында:
7-тармақтың 1, 2, 4, және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;