ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1294 қаулысымен
бекітілген
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.30.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
«Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз
1. Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) электрондық форматты www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дәрігердің (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) қабылдауына жазылу қызметін ұсынуды регламенттейді.
Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.
2. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті ұйым - күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері;
2) портал - тәулік бойы.
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 433 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.