Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан
Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағыдипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Ашхабад қ., 2012 жылғы 4 желтоқсанда)
ҚР 2013 жылғы 18 ақпандағы № 78-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 4-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімде көрсетілген жер учаскелерін жалға алған Тараптар инженерлік желілер мен коммуникацияларды (сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) өздері жалға алған жер учаскелерінің шекарасына жеткізуді және шекаралары шегінде әрқайсысы өз мемлекетінің қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.».
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
2012 жылғы 4 желтоқсанда Ашхабад қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Украинаның Министрлер Кабинеті үшін |