ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру
қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметкерлерінің, соның ішінде кадр резервінде жатқызылғандардың кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру мазмұнын және тәртібін анықтайды.
2. Қызметкерлердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарына тікелей басшылықты жеке құрамның кәсіби даярлығының жағдайы үшін дербес жауапты болып табылатын кеден органының барлық деңгейлеріндегі басшылық жүзеге асырады.
3. Кәсіби қызметтік даярлық - кеден органдарына жүктелген қызметтік мәселелерді сәтті атқару үшін қажетті іскерлік білімдер, мүмкіндіктер және дағдыларды тұрақты жетілдіру және иемдену ұйымдастырылған және мақсатты көздейтін процестер.
4. Кәсіби даярлықтың негізгі мәселелері мыналар болып табылады:
1) күрделі жедел және азаматтық қорғаныс жағдайларында күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруға дайындық дағдысын қалыптастыру;
2) нақты бөлімшелерде қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, қызметкердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
3) арнайы техниканы және арнайы құралдарды, заманауи ақпараттық технологияларды және компьютерлік техниканы қолдану дағдыларын жетілдіру;
4) жеке құрамның қызметтік және дене шынықтыру даярлығының жоғарғы деңгейіне жету.