Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 749 Бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшадағы:
«
59-2 | 37.3601 | Сол жақ жүрекшенің құлақшасын транскатетерлік жабу |
»;