Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 508 Қаулысымен күші жойылды
Әкімдіктің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 586 қаулысымен
бекітілген
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғым пайдаланылады: мемлекеттік қызметті алушы - жеке тұлға немесе оның өкілі (бұдан әрі - тұтынушы).
2. Жалпы ережелер
2. Регламент Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметінің тәртібін анықтайды.
3. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тұтынушыларға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына сәйкес көрсетіледі және «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері: