Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тіркеуші орган куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;