«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1799 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету»;
3-тармақ алынып тасталсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Аурулардың профилактикасы, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесі» деген 1.1-мақсатта:
«Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте:
реттік нөмірі 9-жолдың «2012 ж.» деген бағанындағы «8,9» деген сандар «8,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ана мен баланың денсаулығын нығайту» деген 1.1.2-міндетте:
«2012 ж.» деген бағанда:
реттік нөмірі 29-жолдағы «30,0» деген сандар «22,0» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 30-жолдағы «16,0» деген сандар «14,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-жол алынып тасталсын;
«Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру» деген 1.1.3-міндетте:
«2012 ж.» деген бағанда:
реттік нөмірі 41-жолдағы «395,2» деген сандар «299,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 42-жолдағы «102,8» деген сандар «101,8» деген сандармен ауыстырылсын;