Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдедедегі № 183 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Төрағаның м.а. | Ж. Жарқынбаев |
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау (Монополияға қарсы агенттік) агенттігінің төрағасының м.а. Б. Парсегов ______________ 2010 жылғы 16 шілде | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы- Сыртқы істер министрi Қ. Саудабев ______________ 2010 жылғы 15 шілде |
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т. Мұсабаев ______________ 2010 жылғы 15 шілде | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Ж. Досқалиев ______________ 2010 жылғы 15 шілде |
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко ______________ 2010 жылғы 20 шілде | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Ә. Кұсайынов ______________ 2010 жылғы 15 шілде |