Введите номер документа
Прайс-лист

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламентi (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқандағы № 276 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 27 декабря 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 февраля 2014

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды

 

2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 276

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік қызмет регламентi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.

2. Мемлекеттік қызмет «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тұрақты жер пайдалану құқығын беру актісін дайындайтын «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы» (бұдан әрі - «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы) қатысуымен жер қатынастары саласында қызметтерді жүзеге асыратын «Батыс Қазақстан облысының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жер учаскесіне орналасқан жері бойынша баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Филиалы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетілуі мүмкін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами