Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 384 қаулысына 2-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы - негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуші - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі - ТжКБ ұйымдары).
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.