Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 384 қаулысына 3-қосымша
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуші - негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымы (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.
3. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
4.Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: автоматтандырылмаған.