Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 384 қаулысына 4-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы - Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтары;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуші - Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары ( бұдан әрі - білім беру ұйымдары).
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.