Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 75 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 95 шешімі
Қалданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 17 маусымдағы № 06-01-02/312 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8 - бабының 2 - тармағына, 104 - бабының 5 -тармақшасына, 106 - бабының 2 - тармағының 5 - тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3471 тіркелген, 2013 жылғы 15 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 5-6 жарияланған облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 75 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер -
«100 211 660» деген цифрлар «97 846 042» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
трансферттер түсімдері бойынша -
«79 455 913» деген цифрлар «77 090 295» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар -
«99 563 398» деген цифрлар «98 908 106» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру -
«3 269 513» деген цифрлар «2 254 865,3» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«151 523» деген цифрлар «1 166 170,7» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
«100 000» деген цифрлар «163 200» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу -
«100 000» деген цифрлар «163 200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы -
«-2 721 251» деген цифрлар «-3 480 129,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру -
«2 721 251» деген цифрлар «2 721 251» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: