«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешенін енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 37 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысымен бекітілген Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесінің 26-тармағына сәйкес, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етудің статистикалық есептілігінің және есеп алу сапасының толықтығы мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін Қазақстан Республикасының медициналық және дәріхана ұйымдары жұмыстарында «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешенін (бұдан әрі - ДҚАЖ) енгізуді және күнделікті пайдалануды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі -Министрлік) Стратегиялық даму департаменті (Б.Т. Төкежанов) медициналық және дәріхана ұйымдарында ДҚАЖ бағдарламалық кешенін іске қосу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін және оның пайдалануын мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
3. Министрліктің Әкономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) ДҚАЖ бағдарламалық кешенің сүйемелдеу және оны жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі -Комитет) (Д.С.Есімов) ДҚАЖ бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мониторинга жүзеге асырсын.