Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2 Нормативтік қаулысы
(2017.29.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-1. ҚР Жоғарғы Сотының 2017.29.06. № 5 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
1-2. ҚР Жоғарғы Сотының 2014.24.12. № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
1-3. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 3-тармақтағы «мен соттардың» деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-тармақтағы «немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде» деген сөздер алып тасталсын және аталған тармақтағы «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына» деген сөздер «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 8) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) аталған нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.»;
1-4. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 39-тармақтың екінші абзацындағы «575» деген цифрлар «575-1» деген цифрлармен ауыстырылсын, «қадағалау тәртібінде ғана» деген сөздер «талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассациялық және қадағалау тәртібінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
1-5. «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13:
1) 9-тармақтың үшінші абзацы «сотталушымен» деген сөзден кейін «соның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-тармақтағы «391» деген цифрлар «393» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы | Б. Бекназаров |
| Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы | Д. Нұралин |