«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 428 Бұйрығы
Халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары номенклатурасында:
мынадай мазмұндағы 71-тармақпен толықтырылсын:
«71. «Балалар травматолог-ортопед»;
мынадай мазмұндағы 72-тармақпен толықтырылсын:
«72. «Клиникалық цитолог»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының тізімінде:
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17 | кардиолог | Сәуле Райымбекқызы Әбсейтова - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АК кардиология және кардиохирургиялық координациялау бөлімінің басшысы. |
»;
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
19 | Медициналық реабилитолог (ересектер) | Алмагүл Қабиденқызы Қожанова - Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының МККК «№ 5 қалалық емхана» реабилитолог м.ғ.д.; |
»;
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«