Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 Қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешімі
(2014.16.05. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2014.16.05. № 8бр Қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 2014.16.05. № 287 шешімімен бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосын», «селосы», «селолары» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылдарының», «ауылын», «ауылы», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Таратылсын:
Алтынсарин ауданының Силантьев ауылдық округі;
Амангелді ауданының Есір ауылдық;
Денисов ауданының Некрасов ауылдық округі;
Қарасу ауданының Теректі ауылдық округі;
Науырзым ауданының Мереке ауылдық округі;
Таран ауданының Красносельский ауылдық округі;
Таран ауданының Нелюбин ауылдық округі;
Федоров ауданының Жаркөл ауылдық округі.
2. Құрылсын:
Алтынсарин ауданының Обаған ауылдық округі Алтынсарин ауданының Силантьев ауылдық округінің таратылатын Силантьевка, Бирюковка, Зуевка, Малая Чураковка ауылдарының құрамында және Алтынсарин ауданының Обаған ауылдарын, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;