«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 432 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 13-1, 14-1-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Дәрігердің қабылдауына жазылу жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;
«14-1. Дәрігерді үйге шақыру жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны туралы, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат тіркелген халық тізілімінің дерекқорында қалыптастырылады.