Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жауапты хатшысының
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 12-1/142 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2013.07.06. № 12-1/271 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі - Министр) бекіткен Жауапты хатшы мен вице-министрлердің арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілікті және өзара алмасушылықты бөлуге сәйкес жетекшілік ететін лауазымды тұлғаға тікелей есеп береді.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департаменттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының қазіргі лимиті шегінде Министрдің келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітетін Министрлік орталық аппаратының және оның ведомстволарының құрылымы және штат санымен (бұдан әрі - Құрылым мен штат саны) анықталады.
4. Департамент Құрылым мен штат санына сәйкес басқармалардан тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттемелері
5. Департаменттің негізгі міндеттері Министрліктің Жауапты хатшысы тиісті күнтізбелік жылға бекітетін Министрліктің операциялық жоспарына сәйкес Басқармаға бекітілген Министрліктің мақсаттары мен көрсеткіштері болып табылады.
6. Департамент қойылған міндеттерді шешу үшін Министр бекітетін Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне процесстерді бекітіп беру матрицасына (бұдан әрі - Матрица) сәйкес функцияларды атқарады.
7. Департаменттің құқықтары мен міндеттері: