«Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 236 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышында:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер |