Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 2013 жылғы 24 маусымдағы № 110-V «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 218-219-220 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
«1) кірістер - 96 219 364 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 46 796 634 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 999 864 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 17 977 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 46 404 889 мың теңге;
2) шығындар - 93 513 103 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 6 069 487 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 892 765 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 823 278 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 760 315 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 760 315 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 123 541 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 123 541 мың теңге.».
2-тармақта:
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «92,7» саны «97,2» санымен ауыстырылсын;
«Қарақия ауданына» «0» саны «26,5» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «0» саны «22,5» санымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «18,6» саны «29,5» санымен ауыстырылсын;