Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы» № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 157/20 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 542-IV Заңымен Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына енгізілген өзгерістерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін ұсыну қағидасын» бекіту туралы» № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1316 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы» № 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 20 «Шаһар» газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы № 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы № 20 «Версия» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 1, 2, 13, 24 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі - бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражатынан мемлекетпен ұсынылатын төлемдер, төлем енгізуге: