Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетiнiң Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келiсiм (Газа қ., 1995 жылғы 27 желтоқсанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 27 декабря 1995
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 27 декабря 1995

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетiнiң
Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы
келiсiм
 (Газа қ., 1995 жылғы 27 желтоқсанда)

 

ҚР Үкіметінiң 1996 жылғы 23 сәуiрдегі № 495 Қаулысымен бекітілді

 

Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетiнiң Үкіметі,

екi мемлекет пен олардың халықтары арасындағы достық қатынастарды нығайту ниетiн көздей отырып,

мәдениет, ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларындағы, сондай-ақ жастар iстерi жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға ұмтыла отырып,

мына төмендегiлер жайында келiстi:

 

 

1-бап

 

Тараптар мәдениет, ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларында, сондай-ақ жастар iстерi жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға жәрдемдеседi.

 

 

2-бап

 

Тараптар мына төмендегi бағыттар бойынша мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi:

- мәдениет пен өнер күндерiн, кинофестивальдар өткізу, өзаралық негiзiнде көркемөнерпаздар мен жеке орындаушылардың гастрольдерiн ұйымдастырады;

- бейнелеу өнерi мен декоративтiк-қолданбалы өнердiң көрмелерiн өткізу;

- мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерiнiң делегациялармен алмасу;

- әдеби шығармаларды аудару және жариялау;

- екi елдiң мұражайлары, кiтапханалары, архивтерi арасындағы ынтымақтастық.

Тараптар екi елдiң мәдениет мекемелерi арасында тiкелей қарым-қатынас орнатылуын көтермелеп отырады.

 

 

3-бап

 

Тараптар мына төмендегi бағыттар бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады:

- бiрлескен ғылыми зерттеулер өткізу, конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға қатысу үшiн ғалымдар, оқытушылар және мамандар алмасу;

- жоғарғы оқу орындарында оқу және тағылымдамалардан өту үшiн тегiн әрi тең жағдайда студенттер мен аспиранттар алмасу;

- екi ел халықтарының тілі мен әдебиетiн, тарихи мен мәдениетiн оқып үйрену;

- оқулықтар мен университеттiк курстарда екi мемлекеттiң тарихын, жағырапиясының қоғамдық-саяси дамуын шынайы бейнелеу iсiнде өзара iс-қимыл жасау;

- оқулық әдебиет, әдiстемелiк құралдар және оқулық теледидар бағдарламаларын алмасу.

 

 

4-бап

 

Тараптар оқу орындары мен ғылым мекемелерi берген куәлiктердi, дипломдарды, атақтарды және ғылыми дәрежелердi өзара танудың мүмкiндiктерiн қарастырады, және бұл мәселе бойынша жеке Келісім жасасады.

 

 

5-бап

 

Тараптар телефестивальдар өткізудi, кино, видео және телефильмдердi бiрлесiп жасауды, сондай-ақ баспа басылымдарын, теле- және радиобағдарламалар, делегациялар және мамандар алмасуды қоса есептегенде, екi елдiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.

 

 

6-бап

 

Тараптар туристiк топтар, жаттықтырушылар, спорт командаларын, мамандар алмасу, сондай-ақ спорттық iс-шаралар ұйымдастыру жолымен туризм мен спорт саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.

 

 

7-бап

 

Тараптар жастар ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесiп, жастар алмасуды дамытуға ықпал жасайды.

 

 

8-бап

 

Осы Келісімдi түсiну мен қолдануға қатысты даулар келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлуге тиiс.

Тараптардың өкiлдерi қажет болған жағдайда немесе Тараптардың бiрiнiң өтiнуi бойынша осы келісімнiң орындалуына қатысы бар мәселелердi қарау үшiн Аралас Комиссия түрiнде кездесiп отырады.

 

 

9-бап

 

Тараптар Келісімдi орындаудың қаржылық және ұйымдық жағдайларын анықтайтын Келісім жөніндегі уақытша атқару бағдарламаларын талдап жасайды.

Екi Тараптың тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары осы Келісімде көзделген салалардағы ынтымақтастық туралы жеке келісімдер жасайды.

 

 

10-бап

 

Осы Келісім үшiншi Тараптардың басқа да халықаралық Келісімдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.

 

 

11-бап

 

Осы Келісім Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы мәлiмдеме алған күнiнен бастап күшiне енедi.

Осы Келісім бес жыл мерзiмге жасалды. Егер Тараптардың бiрi осы Келісімнiң қолданыста болуын тоқтатқысы келетiнi туралы бес жылдық мерзiм бiткенге дейiн кемiнде алты ай бұрын екiншi Тарапқа жазбаша түрде мәлiмдемейтiн болса, оның қолданыста болу мерзiмi келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.

 

Газа қаласында 1995 жылғы 27 желтоқсанда қазақ, араб және орыс тiлдерiнде үш дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшiн

Палестина Мемлекетiнiң

Үкіметі үшiн

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами