Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (Алматы қ., 1997 жылғы 7 наурызда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (Алматы қ., 1997 жылғы 7 наурызда)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы
келiсiм
(Алматы қ., 1997 жылғы 7 наурызда)

 

ҚР Үкіметінiң 1998 жылғы 25 қыркүйектегi № 951 Қаулысымен бекітілді

1998 ж. 7 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі:

экономикалық және сауда байланыстарында техникалық тосқауылдарды жою мақсатында;

осы саладағы халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар мен нормаларды ескере келе стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын бiлдiре отырып,

екi Тараптың экономикалық мүддесiн басшылыққа ала отырып мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:

 

 

1-бап

 

Тараптар:

өзара тиiмдi шарттар негiзiнде стандарттаудың, метрологияның және сертификаттаудың қолданылып жүрген мемлекеттік жүйелерiн өзара таниды;

келісілген шарт бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтiк және анықтамалық құжаттардың өзара берiлуiн қамтамасыз етедi;

Тараптар бекiткен бiрыңғай физикалық шаманың мемлекеттік эталондарын, заттар мен материалдық қасиеттерi құрамының стандарттық үлгiлерiн, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтамалық мәлiметтердi таниды;

екiншi Тарап жүргiзген мемлекеттік сынақтардың, өлшеу құралдары типiн бекітудiң, калибрлеудiң және метрологиялық аттестациялаудың нәтижелерiн келісілген тәртiпте таниды;

Тараптардың салыстырып тексеру, сынау және калибрлеу, лабораторияларын орталықтарын тiркеудi жүргiзетiн ұйымдарын, сондай-ақ өзара келісілген процедуралар бойынша өлшеу құралдарын салыстырып тексерудi, сынауды және калибрлеудi жүзеге асыратын осы ұйымдар тiркеген лабораториялар мен орталықтарды келісілген тәртiпте өзара таниды;

екiншi Тараптың сертификаттау жөніндегі органдарын, сынау лабораториялары мен орталықтарын; сондай-ақ өзара келісілген ережелер мен процедуралар бойынша өнiмге және қызмет көрсетуге сәйкестiк сертификаттары мен сәйкестiк белгiлерiн келісілген тәртiпте таниды.

 

 

2-бап

 

Егер олардың талаптары Мемлекет заңдарына қайшы келмейтiн болса Тараптардың кез келгенi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Ұлттық орган енгiзген тәртiпте, екiншi Тараптың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтi құжаттарын қолдана алады.

 

 

3-бап

 

Тараптар ынтымақтастықты қосымша Келісімдер, Хаттамалар және Бағдарламалар негiзiнде жүзеге асыратын болады.

 

 

4-бап

 

Осы Келісімде көзделген жұмыстарды үйлестiру және олардың орындалу жауапкершiлiгi;

Қазақстан Республикасында - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне;

Литва Республикасында - Стандарттаудың Литва департаментiне жүктеледi.

 

 

5-бап

 

Егер берушi Тарап олардың құпиялылығын ескертсе, Тараптар осы Келісім шегiнде жүргiзiлген жұмыстар туралы және қол жеткен ғылыми-техникалық нәтижелер туралы алған құжаттары мен ақпараттардың құпиялылығын сақтайды. Осы ақпарат оны берушi Тараптың келісімiмен ғана үшiншi мемлекетке жiберiлуi мүмкiн.

 

 

6-бап

 

Осы Келісім, Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да екiжақтық немесе көпжақтық Келісімдерден туындайтын құқықтар мен мiндеттердi жасай немесе өзгерте алмайды.

 

 

7-бап

 

Осы Келісімдi орындауға және түсiндiруге байланысты барлық даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлуге тиiс.

 

 

8-бап

 

Осы Келісім Тараптардың өзара уағдаластық бойынша өзгертiмi немесе толықтырыла алады.

 

 

9-бап

 

Осы Келісім олардың қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларды орындауы туралы Тараптардың соңғы мәлiмдеген күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл бойы қолданылатын болады.

Егер Келісім қолданысының мерзiмi бiткенге дейiн алты ай бұрын Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа оның күшiн өзiнiң жойғысы келетiн ниетi туралы жазбаша мәлiмдемейтiн болса, онда осы Келісімнiң қолданысы келесi бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылатын болады.

 

Алматы қаласында 1997 жылы 07.03. екi данада, әрқайсысы қазақ, литва және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей, Келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптар орыс тiліндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшiн

Литва Республикасының

Үкіметі үшiн

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!