Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегі көмек ету туралы келiсiм (Бiшкек қ., 1997 жылғы 14 наурызда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегі көмек ету туралы келiсiм (Бiшкек қ., 1997 жылғы 14 наурызда)
Датапятница, 14 марта 1997
Статус
Действующий
введен в действие с 14 марта 1997
Дата последнего измененияпятница, 14 марта 1997

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегі көмек ету туралы
келiсiм
(Бiшкек қ., 1997 жылғы 14 наурызда)

 

ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1158 Қаулысымен бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбек Республикасы арасында бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының тең құқықтық, мемлекеттік егемендiгi мен өзара тиiмдiлiк негiзiнде ортақ ғылыми-техникалық және гуманитарлық кеңiстiк құру мақсатында:

- тең құқықтық және өзара тиiмдi сауда-экономикалық, ғылыми-өндiрiстiк және гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрi нығайту және дамыту; үш мемлекеттің мүддесi мен олардың халықтарының әл-ауқатын көтеруде оларға ұзақ мерзiмдi және тұрақты сипат беру қажеттілігiнен шыға отырып;

- экономикалық реформалар өткiзудi, экономиканы құрылымдық қайта құруды, үш елдің шаруашылық жүргізуші субьектілерi арасындағы нарықтық қарым-қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауды маңызды деп есептеЙ отырып;

- кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа нарықтық субъектiлер арасында жаңа сапалы негiзде дәстүрлi шаруашылық, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-технологиялық байланыстарды дамытуға, үш мемлекеттiң ұлттық экономикаларын тұрақтандыру мен көтеру, экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөніндегі өзара көмектi жандандыруға ұмтыла отырып;

төмендегiлерге келiстi:

 

 

1-бап

 

Тараптар басым салаларда бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құруға көмектесетiн болады.

Әрбiр Тарап басқа Тараптың мүдделерiне зиян келтiретiн әрекеттерден тартынады, үш елдің шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне ұзақ мерзiмдi негiздегi ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызады, ұлттық заңдарға сәйкес өз мемлекетiнің аумағындағы басқа тарап мемлекеттерiнің заңды және жеке тұлғаларының меншiк құқықтарының танылуын және оларға қол сұғылмауын қамтамасыз етедi.

 

 

2-бап

 

Бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер меншік нысандарына қарамастан, Тараптардың ұлттық заңдарында көзделген тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілердің капиталдарын біріктіру негізінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды өзара белгiлеу жолымен құрылатын болады.

 

 

3-бап

 

Бiрлескен кәсiпорындардың, өндiрiстiк бiрлестiктердiң жарғылык қорын қатысушылардың акциялары, материалдық және материалдық емес активтерi құрайтын болады. Салымдарды, пайларды, акциялардың үлестерiн бағалау тәртібі Тараптар арасында құрылтайшылық құжаттар негiзiнде белгiленедi.

 

 

4-бап

 

Бiрлескен кәсiпорындардың, өндiрiстiк бiрлестiктердiң қатысушыларының өзара қарым-қатынастары олардың орналасқан жерлерiне сәйкес белгiленедi. Бiрлескен кәсiпорындар Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес құрылады, iс-қимыл жасайды, тiркеледi.

 

 

5-бап

 

Тараптар өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, инвестициялық, сыртқы сауда қызметiн қолдауды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды.

 

 

6-бап

 

Тараптар жұмысшы күшін кооперациялау кезiнде капиталдарын, тауарларды, қызмет көрсетудiң орын ауыстыруына қатысты олардың заңдарында және мемлекетаралық келісімдерiнде көзделген салықтық және кедендiк жеңiлдiктердiң жасалуына кепiлдiк бередi.

 

 

7-бап

 

Осы Келісім 5 жыл мерзiмге жасалады және, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.

Осы Келісім қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылатын болады және оның күшiне енуi үшін қажеттi iшкi мемлекеттік рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы үшінші хабарды депозитарий алған сәттен бастап күшіне енеді.

Әрбiр Тарап Келісімге өзiнiң қатысуын бұл туралы депозитарийдi шығуға бiр жыл бұрын жазбаша хабардар етумен тоқтата алады.

 

 

8-бап

 

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімiмен бөлек хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге болады. Аталған хаттамалар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы, Келісім сияқты тәртiппен күшiне енедi.

 

 

9-бап

 

Осы Келісімдi түсiндiрумен немесе қолданумен байланысты барлық даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiледi.

 

1997 жылғы 14 наурызда Бiшкек қаласында орыс тілінде бiр түпнұсқалық данада жасалды.

Түпнұсқалық дана оның расталған көшiрмесiн әрбiр қатысушы мемлекетке жiберетiн Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Атқарушы комитетiнде сақталады.

 

 

Қазақстан Республикасы үшiн

 

Қырғыз Республикасы үшiн

Өзбекстан Республикасы үшiн

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!