«Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 240 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредитациялық органдарды аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптарына:
11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілеріне (INQAAHE, ENQA, APQN) және (немесе) техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы аккредиттеу органдарын сертификаттайтын желілерге толық немесе қауымдастырылған мүшелігі;»;