Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы
келiсiм
(Алматы қ., 1997 жылы 10 маусымда)
Осы редакция 2007 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 1998 жылғы 22 қыркүйектегі № 930 Қаулысымен бекітілді
1998 жылғы 7 қазанда күшіне енді
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі,
мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды бұдан әрi дамыту, олардың азаматтарының жол жүрулерiн құқықтық реттеу мақсаттарында
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша визасыз, осы мемлекеттегi iс жүзiндегi болу және тiркелу ережелерiн сақтай отырып, осы Келісімге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар бойынша келуге, кетуге және жол жүруге құқықтары бар.
Тараптар мемлекеттерi азаматтарының жол жүрулерi Қазақстан Республикасы және Әзiрбайжан Республикасы мемлекеттік шекараларындағы өткізу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
2-бап
Тараптардың үшiншi мемлекеттер аумағында тұрғылықты тұратын азаматтары визасыз осы Келісімге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттар бойынша келе, кете және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жол жүре алады.
3-бап
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын шетелге шығуға және үшiншi мемлекеттерге келуге күшi бар құжаттар бойынша үшiншi мемлекеттерге мемлекеттік шекарадағы халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашық өткізу пункттерi арқылы өткізуге мiндеттенедi.
Тараптар кетулерi Тараптардың кез келгенiнiң құзыреттi органдарымен шектелген азаматтардың өз мемлекеттерi аумақтарынан үшiншi мемлекеттерге кетулерiн болдырмау шараларын қабылдайды.
Тараптар бiр-бiрiн азаматтардың өзара жол жүрулерiнiң тәртібі мен режимi туралы үшiншi елдермен іс жүзiндегi келісімдерi туралы ақпараттандырып отырады.
4-бап