«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 840 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды және даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Негізгі проблемаларды талдау» деген 2-кіші бөлімде:
«Автомобиль көлігі» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тұтастай алғанда қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелердің көмегімен жолаушы тасымалдарына толыққанды мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің дамымағандығы байқалады.»;
жетінші бөліктің 4) тармақшасындағы «техникалық жай-күйі болып табылады.» деген сөздер «техникалық жай-күйі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелер арқылы тұрақты қалааралық және халықаралық автобус тасымалдауларының мониторингі жүйесінің жер-жерде қызмет істемеуі болып табылады.»;
«Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, іс-шаралары, нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 3-бөлімде: