Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (100.00-нысан);
2) декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және оны жасау қағидалары (101.01-нысан);
3) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және оны жасау қағидалары (101.02-нысан);
4) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны және оны жасау қағидалары (101.03-нысан);
5) резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны және оны жасау қағидалары (101.04-нысан);
6) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (110.00-нысан);
7) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (130.00-нысан);
8) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (150.00-нысан);
9) Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (200.00-нысан);
10) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (210.00-нысан);
11) жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (220.00-нысан);
12) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (230.00-нысан);
13) жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (240.00-нысан);