Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөніндегі республикалық базалық зертхана» мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 294 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөніндегі республикалық базалық зертханасы» мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң «Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөніндегі республикалық базалық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсiпорынды басқарудың мемлекеттік органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.