Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Иран Ислам Республикасының Yкіметi арасындағы Мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық туралы келісім (Тегеран қ., 1999 жылғы 11 сәуірде)

Информация о документе
Датавоскресенье, 11 апреля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 11 апреля 1999

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Иран Ислам Республикасының Yкіметi арасындағы
Мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Тегеран қ., 1999 жылғы 11 сәуірде)

 

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 927 Қаулысымен бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Yкіметі,

мұнай-газ секторындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық Тараптардың мемлекеттерi халықтарының әл-ауқатын көтеру және гүлдену мүддесiне қызмет ететiн болады деп есептей отырып,

экспорттық мұнай-газ құбырларының дамуына зор маңыз бере отырып және осы саладағы ынтымақтастыққа деген өзiнiң мүдделiлiгiн куаттай отырып,

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Ынтымақтастықты одан әрi дамыту мен тереңдету туралы бiрлескен декларацияны және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президентi А.Хашеми Рафсанджани Тегеран қаласында 1375 ә.қ ж. 22 Ордибихештке сәйкес келетiн 1996 жылғы 11 мамырда қол қойған Каспий теңiзiнiң мәселелерi жөніндегі бiрлескен мәлiмдеменi негiзге ала отырып,

төмендегілер туралы келiстi,

 

 

1-бап

 

Тараптар теңдiк, өзара тиiмдiлiк, өзара көмек және мұнай операцияларын жүзеге асыру барысында бiр-бiрiне зиян келтiрмеу негiзiнде өздерiнiң мұнай-газ салаларын дамыту мен тұрақтандыру мақсатында күш-жiгерлердi үйлестiру және мұнай өнiмдерiн және мұнай, газ, конденсатты тасымалдау және өңдеу, шығару, әзiрлеу, барлау аясындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.

 

 

2-бап

 

Тараптар үшiншi бiр жақтың заңды және жеке тұлғаларының қатысуымен бiрге акционерлік қоғамдар, бiрлескен кәсiпорындардың құрылуына және жұмыс iстеуiне жәрдем етудi, кәсiпорындар мен ұйымдар арасында тiкелей байланыстардың орнауын және ынтымақтастықты қолдайтын болады.

 

 

3-бап

 

Тараптар бiр-бiрiнiң компанияларын өз аумақтарында орналасқан мұнайлы және газды кен орындарын барлау, игеру және пайдаға асырудың халықаралық тендерлерiне және қажеттi техникалық инфрақұрылымның құрылысын салуға қатысу үшiн шақыруды қамтамасыз ететiн болады.

 

 

4-бап

 

Тараптар өздерiнің аумақтарында орналасқан мұнай-газ кен орындарын игеру жөнiнде өз мұнай компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндiгi мен нысандарын зерттейдi.

 

 

5-бап

 

Тараптар Каспий теңiзiнде жұмыс жүргiзу үшiн теңiздегi мұнай платформаларының өндiрiсiн қоса алғанда, мұнай-газ жабдықтарының өндiрiсiнде бiр-бiрiнiң кәсіпорындарында тапсырыс беру, бiрлескен кәсiпорындар құру, тiкелей инвестициялар және басқа да нысандар жолымен ынтымақтасатын болады.

 

 

6-бап

 

Тараптар Иран Тарабының қолдауымен Атырау қаласында (Қазақстан) машина майын шығаратын зауыт салудың техника-экономикалық негiздемесiн дайындауды жылдамдату үшiн қажеттi шаралар қолданатын болады.

 

 

7-бап

 

Тараптар шикi мұнайды (SWAP) айырбастау жөніндегі ынтымақтастықтың басталуын жоғары бағалайды және Қазақстан мұнайын экспорттайтын осы арнаның үздiксiз жұмысын камтамасыз ету мақсатында техникалық мәселелердiң бәрiнiң оң шешiлуi үшiн тиiстi шаралар кабылдайтын болады.

Иран Тарабы Қазақстан Тарабына қажет болған жағдайда шикi мұнайдың дүниежүзiлiк рыноктағы маркетингiне және SWAP шеңберiнде Қазақстан мұнайының жеткiзiлiмiне айырбастап алынатын шикi мұнайды сатуда көмектесетiн болады.

Тараптар SWAP шеңберiнде шикi мұнайды айырбастау көлемiн ұлғайту мүмкiндiгiн зеттейдi.

 

 

8-бап

 

Тараптар оңтүстiк бағытта қазақстандық экспорттық мұнай-газ құбырларын дамытуға зор маңыз бередi және осы саладағы өз мүдделiлiгiн куаттайды.

 

 

9-бап

 

Қазақстан Тарабы SWAP шеңберiнде қазақстандық шикi мұнайдың экспорты үшiн негiзгi маршрут ретiнде Нека-Тегеран мұнай құбырының құрылысын салуды қолдайды.

 

 

10-бап

 

Тараптар Батыс Қазақстаннан Иранның солтүстiгiне және әрi қарай Парсы шығанағына мұнай және газ тасымалдау үшiн экономикалық, қаржылық, техникалық және құбыр төсеудiң жобасын iске асырудың басқа да аспектілерiн зерттеу мақсатында түрiкмен Тарабының өкiлдерiн шақырумен сарапшылардың бiрлескен Жұмыс тобының қызметiн жандандыруға келiстi.

 

 

11-бап

 

Иран Тарабы өз провинцияларының бiрiнде салынатын мұнай өңдеу зауытында шикi мұнайды өңдеу үшiн жеткiзiлiм көлемiнiң қажеттiлiгiне қатысты ақпарат берiп отырады.

Қазақстан Тарабы тиісті ақпаратты зерттегеннен кейін шикі мұнайдың талап етіліп отырған лимиттелген жеткізілімі жөнінде өз мүмкіндіктері туралы хабар береді.

Шикі мұнай көрсеткіштерінің сипаттамасы (спецификация) Тараптар арасында келісілетін болады.

 

 

12-бап

 

Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылаты жекелеген хаттамалармен ресімделетін болады.

 

 

13-бап

 

Осы Келісім Тараптардың бірінен қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тарапты оның қолданысын тоқтататын ниеті туралы хабардар еткенге дейін күшінде қалады. Мұндай жағдайда, Келісім осындай ниет туралы хабарлайтын мәлімдемені алған күннен бастап 6 ай өткенде өз күшін жояды.

 

Тегеран қаласында 1378 к.қ.ж. 22 фарвардинге сәйкес келетін 1999 жылғы 11 сәуірде әрқайсысы қазақ, парсы және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Иран Ислам Республикасының

Үкіметі үшін

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом