«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 227 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6923 болып тiркелген, 2011 жылғы № 21 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: