ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 305 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 373 бұйрығымен бекітілді
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби стандарт:
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге арналған.
2. Кәсіби стандарт негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері;
2) облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім жетілдіру орталығы, білім мекемелерінің басшылары, мекеме персоналын басқару құрылымдарының басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттар негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулар, профессиограмма, білім саласындағы ұйымдардың корпоративтік стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді.
4. Осы кәсіби стандартты төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік - жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі - күрделілігі, еңбек функцияларының стандартты еместігі, жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны.
3) еңбек заттары - нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
4) еңбек құралдары - еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;