Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Yкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алудың принциптерi туралы келісім (Минск қ., 1999 жылғы 2 ақпанда) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 2 февраля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 ноября 2014

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Yкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алудың принциптерi туралы
 келісім
(Минск қ., 1999 жылғы 2 ақпанда)

 

Осы келісім 2011 жылғы 8 қарашадағы Хаттамамен қолданысын тоқтатты

 

ҚР 1999 жылғы 20 шілдедегі № 445-I Заңымен ратификацияланды

1999 ж. 1 қыркүйекте күшіне енді

 

Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,

экономика саласындағы интеграцияны одан әрi тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктердi жасауға және адал ниеттi бәсекелестiктi орнатуға ұмтыла отырып,

халықаралық сауданың жалпыға бiрдей нормалары мен ережелерiн бағдарға ала отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:

 

 

1-бап

 

Келісімде қолданылатын терминдер:

жанама салықтар - қосымша құнға салынатын салықты және акциздердi (акциздiк салық немесе акциздiк алым);

тауар - кез келген мүлiк (энергияның барлық түрлерiн қоса алғанда), материалдық емес активтердi, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса алғанда жолаушыларды және тауарларды халықаралық тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез келген құралдарды есептемегендегi көлiк құралдарын;

экспорт - қайтадан әкелу туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағынан тауарларды әкетудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;

импорт - қайта әкету туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағына тауарларды әкелудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;

арналған елдiң принципi - бiр Тараптың кедендiк аумағынан экспорттау кезiнде қосымша құнға салық салуда акциз салынбауын және нөлдiк ставканы қолдануды және импорт кезiнде екiншi Тараптың ұлттық заңымен белгiленген қолданыстағы ставка бойынша жанама салықтар салуды;

нөлдiк ставка - қосымша құнға нөл процент ставкасы бойынша салық салуды бiлдiредi, мұның өзi қосымша құнға салынған салықтан толық босатуымен бiрдей;

құзыреттi органдар - Қазақстан тарапынан Қаржы министрлігін, Мемлекеттік табыстар министрлігін, Беларусь тарапынан - Қаржы министрлігін, Мемлекеттік кеден комитетiн, Мемлекеттік салық комитетiн бiлдiредi.

 

 

2-бап

 

Екiншi Тараптың аумағынан экспортталып Тараптардың бiрiнiң аумағына импортталған тауарларға (жұмыстарға) импорттаушы мемлекетте, оның заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады. Жанама салықты өндiрiп алуды осы Тараптың кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде кеден органдары жүзеге асырады.

 

 

3-бап

 

Екiншi Тараптың аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға) Тараптардың бiрi нөлдiк ставка бойынша қосылған құнға салық салатын болады. Тараптардың бiрiнiң аумағынан екiншi Тарап аумағына экспортталатын акцизделетiн тауарларға акциздер салынбайды.

 

 

4-бап

 

Тараптардың кеден органдары белгiленген мерзiмдерде кедендiк тұрғыдан ресiмделген тауарлардың орын ауыстырулары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Ақпарат алмасудың тәртібі мен механизмi Тараптардың кеден органдары арасындағы келісіммен айқындалады.

 

 

5-бап

 

Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен пiкiр қайшылықтары құзыреттi органдар арасындағы келіссөздер жүргiзу мен консультациялар арқылы шешiледi. Осы Келісімге Тараптардың келісімi бойынша осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен рәсiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

 

 

6-бап

 

Осы Келісім халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерiне сәйкес iшкi тауар өндiрушiлердiң және ұлттық рыноктың мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолданатын Тараптардың құқығына кедергi келтiрмейдi.

 

 

7-бап

 

Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.

 

 

8-бап

 

Осы Келісім осы Келісімнің күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап он бесiншi күнi күшiне енедi.

Келісім Тараптардың бiрi осы Келісімнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы хабар алғаннан кейiн алты айдан соң, егер бұл хабар Тараптар арасындағы келісім бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi шақырылмаса, өз қолданысын тоқтатады.

Осы Келісім оның күшiне енген күнiнен кейiн жеткiзiлетiн тауарларға (жұмыстарға) қатысты қолданылады.

 

Минск қаласында 1999 жылғы 2 ақпанда қазақ, беларусь және орыс тілдерінде әрбір тілде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

Тараптар арасында осы Келісімнің мәтіні жөнінде пікір алшақтығы туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының

Үкіметі үшін

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами