«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5612 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 5, 2009 жыл, 344-бап) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілікті жасау мен ұсынудың ережесінде:
5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік есептілікке түзетулер енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өздері бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне берген есептің данасына тиісті өзгерістерді енгізуі қажет.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігі электронды түрде және қағаз тасығышта беттері нөмірленіп және мазмұнымен ұсынылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындау үшін қажетті ақпаратты береді.»;
12-тармақтың төртінші, жетінші және сегізінші абзацтары алынып тасталсын;