«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Аурулардың профилактикасы, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесі» деген 1.1-мақсатта:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1, 7-2-жолдармен толықтырылсын:
«
7-1 | Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизмі | ДЭФ деректері | позиция | | | | | 77 | 76 | 75 |
7-2 | Саясаткерлерге қоғамдық сенім | ДЭФ деректері | позиция | | | | | 35 | 34 | 33 |
»;
«Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте:
«2013 ж.» деген бағанда:
«Скринингтік тексеріп-қарау мен қамтуды қамтамасыз ету» деген реттік нөмірі 12-жолдағы «80» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын;
«Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру» деген 1.1.3-міндетте:
«2013 ж.» деген бағанда:
«Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту» деген реттік нөмірі 42-жолдағы «98» деген сандар «99,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 49-1-жол:
«